Дубай билігі елдегі жағдайға байланысты қонақүйлерге туристерді шығарып жіберуге тыйым салды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:09
- 14
Бұл хатта ұшақ рейстерінің кешігуі немесе жойылуына байланысты көмек көрсету керегі айтылған.
“Қонақүйлерге кеңес, осындай жағдайда туристерге тұру мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріп, бастапқы брондау шарттарын сақтау керек. Сонымен қатар, егер қонақтар транспорттық шектеулерге байланысты шыға алмаса, оларды қонақүйден шығарып жібермеу ұсынылады. Мақсат – қиын жағдайдағы қонақтарға барынша көмек көрсету”, – делінген хабарламада.
Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты көптеген рейстер тоқтатылған. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүздеген қазақстандық өз елдеріне уақытында ұша алмай отыр. Қазір елшілік қонақүйлермен арнайы тарифтер туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Абу-Даби мен Рас-эль-Хайма билігі шетелдік туристердің тұру шығындарын өз мойнына алуға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды. Кейін шиеленіске орай Таяу Шығыс елдерінен рейстер жаппай тоқтатылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





