жексенбі, 1 наурыз, 2026 14:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның Тегерендағы елшілігі отандастарымызға шұғыл мәлімдеме жасады

Қазақстанның Тегерендағы елшілігі отандастарымызға шұғыл мәлімдеме жасады
istockphoto
Қазір елден тек құрлық жолдары арқылы шығу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстанның Тегерандағы елшілігі отандастарымызға шұғыл мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта елден тек құрлық жолдары арқылы шығу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Иран билігінің әуе кеңістігін жабу туралы шешімінен кейін тұрақты рейстер уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты Қазақстан елшілігі азаматтарды сабыр сақтауға және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Елшілік таратқан хабарламада қазақстандықтардың Иран аумағынан шығуы үшін құрлықтағы шекара бекеттерін пайдалану мәселесі пысықталып жатқаны айтылған. Азаматтар мына бағыттар бойынша елден шыға алады:

Иран – Әзербайжан;

Иран – Армения;

Иран – Түркия;

Иран – Түркіменстан.

Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден шығу бағытын нақтылау үшін тез арада ҚР дипломатиялық өкілдіктеріне хабарласу ұсынылады.

«Құрлық шекаралары арқылы өту мәселесін пысықтау үшін консулдық бөлімге  хабарласу керек», — делінген ресми хабарламада.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар