жексенбі, 1 наурыз, 2026 14:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иран режимі бірден беріле қоймайды – саясаттанушы

Иран режимі бірден беріле қоймайды – саясаттанушы
видеодан скрин
Иран ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсетіп, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға қауқарлы.

Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің кезекті талдауында Ирандағы соңғы дүрбелең оқиғаларға қатысты ой қозғады. Оның айтуынша, Жоғарғы Аятолла Али Хаменеидің қазасы туралы бұған дейін теріске шығарылып келген ақпараттар ресми түрде расталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Саясаттанушы Иранда жеті күндік қаралы күн жарияланғанын және биліктің уақытша президент Масуд Пезешкианға өткенін атап өтті. Аятолла Хаменеимен бірге Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) жетекшісі, Қарулы Күштердің қолбасшысы және басқа да ықпалды тұлғалардың көзі жойылған.

Дональд Трамп Иранның рухани көсемі жойылғаннан кейін оның ізбасарлары келіссөзге дайын болады деген мәлімдеме жасағанымен, Т. Қалиев Иранның нақты әрекеттері бұған мүлдем қайшы екенін айтады.

«Қалалардағы «Америкаға өлім!» деп ұрандатқан жаппай шерулерді және Таяу Шығыс елдеріне, соның ішінде Дубай әуежайына жасалған соққылардың жалғасуын тізе бүгуге ниетті көңіл-күй деп атау қиын. Иран Ислам Республикасының жоғарғы басшылығында барлық деңгейде алдын ала белгіленген ізбасарлар жүйесінің қалыптасқанын ескерсек, мұндай ауыр соққыдан кейін де режимнің сақталып қалу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды», - дейді сарапшы.

Талғат Қалиевтің пайымдауынша, Иран ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсетіп, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға қауқарлы. Тіпті АҚШ-қа айтарлықтай зиян келтіріп, американдық әскерилердің қаза табуына әкеп соқтыруы мүмкін.

«Мұндай жағдайда әскери кампания Трамп үшін үлкен саяси шығындарға айналуы мүмкін. Бұл оны шегінуге мәжбүр етуі ықтимал», - дейді Т. Қалиев.
 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар