жұма, 27 ақпан, 2026 17:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Самұрық-Қазына» наурызда 650 қызметкерді қысқартпақ

«Самұрық-Қазына» наурызда 650 қызметкерді қысқартпақ
Freepick
Наурыз айының соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры әкімшілік-басқару құрамындағы 650 қызметкермен еңбек қатынасын тоқтатуды жоспарлап отыр.

Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың квазимемлекеттік сектордың жұмыс тиімділігін арттыру және кадрлық құрылымды қайта қарау туралы тапсырмасынан кейін қабылданған.

Қор басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыповның айтуынша, қысқарту тек әкімшілік-басқару қызметкерлеріне қатысты болады.

– Біз әкімшілік-басқару құрамының 10 пайызын қысқартамыз. Барлық ішкі шешімдер қабылданды. Еңбек заңнамасының талаптары толық сақталады. Наурыз айының соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады деп жоспарлап отырмыз, – деді ол Ақордада.

Қор басшысының мәліметінше, өзгерістер тек Астана қаласындағы басқару аппаратына қатысты. Өндірістік бөлімшелерге бұл шара әсер етпейді.

Қазіргі таңда Астанадағы «Самұрық-Қазына» құрылымдарында шамамен 6,5 мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 650 қызметкер қысқартылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев басқару буыны шамадан тыс көбейген компаниялардың құрылымын оңтайландыру қажеттігін атап өткен болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар