жұма, 22 қараша, 2024 19:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
фото ашық дереккөздерден
Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.

«12-13 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. 13-16 сәуір аралығында Алматы облысының Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, Қостанай облысында 13-17 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ өзеннің жоғары ағысындағы жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынның келуіне байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар