"Тағы бір Салтанат": ажыраспақ болған әйелін ұрып құлатқан ер адамның ісі сотқа жіберілді
- авторОймақ
- 12 сәуір, 2024
- 609
Онда күйеуі әйелінің телефонын сындырып, өзін ұрып кеткен.
"Әйел 11 жыл отасқан күйеуімен ажырасуға бел буды. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Енді күйеуі артынан келіп, оны қайтуға мәжбүрлеп жүр", – деп жазды ол.
Видеоны жариялаған Жанна Ахметова ер адамның үстінен жазылған арыз сәуір айының басынан бері Алмалы ауданының полиция басқармасында жатқанын, сараптаманың әлі дайын емес екенін жазған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.
"Оңбаған Таразға кетіп қалды. Естуімше, ол сол жақта белгілі заңгер ма, адвокат па, сондай бірдеңе. Мүмкін біреулеріңіз оны таныған шығарсыздар, мұқият қараңыздаршы. Не себепті ол әлі ұсталмаған? Кезекті әйел өлімін күтіп отырмыз ба", - деді Жанна Ахметова.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.