бейсенбі, 26 ақпан, 2026 11:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шайдоров Әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Шайдоров Әлем чемпионатына қатыспайтын болды
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Михаил Шайдоров
Ол қатысушылар тізіміне енбеген.

2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан өтетін әлем чемпионатына қатысушылар тізіміне енген жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Турнир 24-29 наурыз аралығында Прагада өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сында 36 спортшы бақ сынайды.

Өткен әлем чемпионатында Шайдоров күміс жүлде жеңіп алған еді. Соның нәтижесінде бұл бағдарлама бойынша Қазақстанға ең көп – үш жолдама берілген. Алайда Чехия астанасында өтетін додаға ұсынылған тізімге тек Диас Жиренбаев енгізілген. Шайдоровтың есімі қатысушылар қатарында жоқ.

22 жастағы Жиренбаев бұған дейін ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетпеген. Осы маусымда ол Төрт құрлық чемпионатында 20-орын алған.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның жалғыз жолдамасына Софья Самоделкина ие болды. Ол Олимпиадада оныншы орын алса, өткен әлем чемпионатында 14-нәтиже көрсеткен.

Ал спорттық жұптар мен мұздағы би сайыстарында Қазақстан Прагадағы турнирге қатыспайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар