Наурыз бен Мерамгүлге іздеу шаралары жалғасып жатыр – Санжар Әділов.
- авторОймақ
- Бүгін, 09:25
- 27
Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктілерді Индонезиядан Қазақстанға экстрадициялау процесі аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Министр орынбасарының айтуынша, қазақстандық құқық қорғау органдары Интерполмен бірлесе отырып, ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде күдіктілер Индонезия аумағында ұсталған. Қазір оларды елге қайтару мәселесі соңғы кезеңге жеткен.
"Күдіктілер шетелде қолға түсті. Жақын күндері Қазақстанға жеткізіледі. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу шаралары жалғасып жатыр. Атырау облысында арнайы тергеу тобы жұмыс істеуде", – деді Санжар Әділов.
ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталғанға дейін марқұм зейнеткерлердің қызы, яғни басты күдіктінің жұбайы да із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Кейін оған да күдікті мәртебесі беріліп, күйеуімен бірге Қазақстанға қайтару шаралары қолға алынған.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
LRT желісі қосылатын күн алыс емес
Ұқсас жаңалықтар
Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін
- авторОймақ
- 25 ақпан, 2026
Елордада қызылша өршіп тұр: жыл басынан бері 900-ден аса жағдай расталды
- авторОймақ
- 25 ақпан, 2026






