сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 14:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"18 жасқа дейінгі балалар некеде тұра ма?" Бақытжан Базарбек бір норманың дұрыстығына күмән келтірді

"18 жасқа дейінгі балалар некеде тұра ма?" Бақытжан Базарбек бір норманың дұрыстығына күмән келтірді
Мәжіліс
Бүгін Мәжілісте пленарлық отырыс өтіп жатыр.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек реадмиссия туралы заң жобасын қолдады. Бұл – бір мемлекеттің өз азаматын немесе оның аумағы арқылы өткен шетел азаматтарын кері қабылдауы туралы келісім. Алайда талқылау барысында «некеде тұрмайтын кәмелетке толмағандар» деген тұжырымға күмән келтірді. Ол құжатта неге 18 жасқа дейінгі балалар бөлек көрсетілгенін және қандай «ерекше жағдайлар» меңзелгенін сұрады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Депутаттың айтуынша, ол «заң жобасын толық қолдайды», бірақ бір норманың дұрыстығына күмәнданған.

«Мүмкін, мен осы бапты дұрыс түсінбей отырған шығармын. Жауап беріңіздерші, бәлкім шынымен қате түсінген шығармын. Бұл – 2-бап, 2-тармақ, осы заң жобасының 2-тармағы. Оқып берейін: “Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдармен қатар, сұрау салған тарап 18 жасқа толмаған, некеде тұрмайтын кәмелетке толмаған балаларды да реадмиссиялауды жүзеге асырады”, – деп Базарбек сәрсенбі күні Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.

Ол аталған тұжырымның қисыны келмейтінін айтты:  18 жасқа дейінгі балалар некеде тұра ма?

«Мұнда нақты жазылған: “некеде тұрмайтын кәмелетке толмаған, 18 жасқа дейінгі балалар”. Біздің заң бойынша неке жасы 18-ден басталмай ма? Ал мұнда 18 жасқа дейінгі, некеде тұрмайтын балалар деп жазылған», – деп нақтылады депутат.

Депутат сауалына жауап берген  Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов әңгіме өз азаматтарын реадмиссиялау туралы болып отырғанын түсіндірді және заңнамалық тәжірибеде 18 жасқа толмай некеге тұрудың ерекше жағдайлары бар екенін айтты.

«Шынында да, біз өз азаматтарымызды реадмиссиялау туралы айтып отырмыз. Бұл жерде кәмелетке толмағандар туралы сөз болса, әрине, сіздер білесіздер, біздің тәжірибеде 18 жасқа дейін некеге тұрудың ерекше жағдайлары бар. Ал бұл жағдайда мұндай ерекше жағдайлар австриялық тараппен келіссөздер барысында ескерілген», – деп түсіндірді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар