сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 10:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Михаил Шайдоров пен Самоделкинаға пәтер кілті табысталды

Михаил Шайдоров пен Самоделкинаға пәтер кілті табысталды
Фото: olympic.kz
Бас жаттықтырушы Әсем Қасеноваға да пәтер берілді.

Кеше Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина елге оралды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер кілті берілді. Жаттықтырушыға сыйлықты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы берді.

Еске сала кетейік, Софья Самоделкина Олимпиадада үздік он спортшының қатарына енді.  

Михаил Шайдоров жанкүйер болған елге, күтіп алған қолдаушыларына ризашылығын білдіріп, сыйлық үшін алғысын айтты.

Қарсы алу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҰОК президенті Геннадий Головкин, спортшылардың туыстары, жанкүйерлер мен  БАҚ өкілдері күтіп алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар