Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызық өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында басына түскен қиын кезеңдері туралы әңгімелеп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ол жазбасында ешкімнен қаржылай көмек сұрамағанын, тек өз жағдайына қатысты сот шешімінің әділдігіне қоғам пікір білдіріп, қолдау көрсетсе деген ниет болғанын жеткізді.
"Дос кім, туыс кім? Басыңа іс түскенде біледі екенсің. Мен ешкімнен ақша сұраған жоқпын, тек менің жағдайыма қатысты соттың шешімі әділ ме соған пікір білдіріп, қолдау жасаңыздаршы дедім. "Маған сенім артуыңа болады" дегендердің көбісі бұл жағдайда сырт айнала салды. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, өздері біліп отырған шығар... Алланың мейірімі шексіз ғой, тар жол, тайғақ кешіп жүргенде, жүрегінде иманы бар жандарды жолықтырып, жарға келіп тірелген тірліктің оңға қадам басуына бар көмегін көрсеткен, Қайрат Реимов мырзаға, басқа да азаматтарға айтар алғысым шексіз. Жаратқан жандарыңызға нұрын шашсын, Алла разы болсын", – деп жазды Айсұлу Айданқызы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






