сейсенбі, 24 ақпан, 2026 6:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ләйлә Сұлтанқызы отыз жыл бұрынғы суретін көрсетті

Ләйлә Сұлтанқызы отыз жыл бұрынғы суретін көрсетті
Фото: instagram.com/ sultankyzy
Ол бұл суретке отыз жыл бұрын түскен.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде отыз жыл бұрынғы суретін жариялады, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тележүргізуші студент кезін еске алды. Сонымен қатар бүгінгі өмір алдыңғы буынның ауыр еңбегі, жарқын болашаққа деген ұмтылысының жемісі екенін атап өтті. 

«Арасы 30 жыл. 1995 жылы балапан едім ғой. Студент кезім… Стипендияны бір айға жеткізіп, ары кетсе ботаникалық баққа барып қыдыратын күндеріміз есімде. Қазір сол жылдардың қиындықтары мен сынақтарын балаларыма айтсам, «Ертегі ғой, анашым», дейді. Ал олардың бүгінгі алаңсыз балалығы сол кездегі үлкендердің ауыр еңбегі, ұмтылысы мен жарқын болашаққа деген сенімінің арқасы деп ойлаймын. Ал біздің болашақ ұрпағымыздың ертеңі - өз қолымызда. Эстафетаны қабылдап, ары қарай жолдаймын.  Сіздер 30 жыл бұрын қандай едіңіздер?» - деп жазды тележүргізуші.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар