жұма, 20 ақпан, 2026 22:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан Газаны қалпына келтіруге дайын - Президент

Қазақстан Газаны қалпына келтіруге дайын - Президент
Ақорда
Қ.Тоқаев Қазақстан Газаға көмек беруге, 500 грант бөлуге және Ибраһим келісімдеріне қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыс мәселесіне нақты қадаммен араласатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы елдің Газа секторын қалпына келтіруге қатысуға, палестиналық студенттерге 500-ден астам білім грантын бөлуге және Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдағанын жария етті.

Кездесу Donald Trump атындағы Бейбітшілік институтында өтті. Президент саммитті ұйымдастырғаны үшін АҚШ басшысына алғыс айтып, бұл жиын жай декларация қабылдайтын алаң емес, нақты әрекетке негізделген бастама екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға жан-жақты атсалысуға дайын. Атап айтқанда, еліміз инфрақұрылым салу, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар тұрғызу ісіне халықаралық компанияларды тарта алады. Сонымен бірге Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, бидай жеткізуге және электрондық үкімет саласындағы тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін мәлімдеді.

Президент сондай-ақ халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға, далалық госпиталь ашуға және азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге дайын екенін айтты.

Жиында Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылатынын жариялап, бұл шешім аймақта сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Оның сөзінше, Таяу Шығыста орнықты даму үшін жаңа тәсілдер қажет.

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесі аясында арнайы награда тағайындауды да ұсынды. Бұл марапат Дональд Трамптың бейбітшілік бастамаларына көрсетілген құрмет ретінде қарастырылмақ.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстанды «керемет әрі бай ел» деп атап, Кеңеске қатысушы мемлекет басшыларын жаһандық деңгейдегі көшбасшылар деп сипаттады.

Жиын барысында Газа секторын қалпына келтірудің қаржылық және қауіпсіздік жоспары таныстырылды. Бас жоспарды Джаред Кушнер ұсынды. Қаржы тетіктері жөнінде Дүниежүзілік банк төрағасы Аджай Банга баяндады. Қауіпсіздік мәселесін халықаралық тұрақтандыру күштерінің жетекшісі генерал Джаспер Джефферс көтерді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар