сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 21:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көршілес елдің экономикасы «өлім аймағына» енді

Көршілес елдің экономикасы «өлім аймағына» енді
Freepick
Ағылшынның The Economist басылымы Ресей экономикасына осындай баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Ресей экономикасының бюджеті 2025 жылы рекордтық теңсіздікке ұшыраған: барлық деңгейдегі бюджеттің жалпы тапшылығы 8,291 трлн рубльді құрап, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш бұрынғыдан 2,6 есе артқан. Былтыр табыстар 6,5% өссе, шығыстар 13%-ға ұлғайған. Мұның өзі мемлекеттің аз табыс таба отырып, шығындарын күрт арттыра түскенін көрсетеді.

Экономистердің айтуынша, елдің қаржы жүйесі қазіргі уақытта «теріс тепе-теңдік» жағдайында – ол әлі жұмыс істеп тұр, бірақ өзінің болашағын жойып отырғандай. 2025 жылы экономикалық өсім небәрі 1% болды, ал 2026 жылға болжам одан да нашар.

Энергия, қорғаныс және әскери-байланысты салаларға ресурстар басымдықпен бөлініп келеді, ал азаматтық сектор, шағын және орта бизнес, тұтынушылық салалар артта қалып отыр. Мұндай қайта бөлу экономикаға қысқа мерзімді активтілік әкелсе де, ұзақ мерзімді өсу әлеуетін төмендетеді.

Бұл жағдайды авторлар альпинистер қолданатын «өлім аймағына» ұқсатады. Ол жерде организм өзінің бұлшық етін тұтына отырып тірлік етеді, яғни ішкі ресурстарды сарп етіп, өзінің болашағын құртып жатыр деген пікір айтылады.

Бюджет тапшылығы, салықтық жүктеменің артуы және экономиканың негізгі секторларының әлсіреуі осы факторлар елдің экономикалық жағдайын күрделі күйге түсірді. Сарапшылардың айтуынша, қолда бар капиталды сарқыған соң, экономиканың тұрақтылығы да осал болуы мүмкін.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар