сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 21:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ерболат Құдайбергенов 15 тәулікке наркологиялық орталыққа орналастырылды

Ерболат Құдайбергенов 15 тәулікке наркологиялық орталыққа орналастырылды
Видео скрин
Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергеновтің Алматыдағы наркологиялық орталықтың жанында жүрген видеосы тараған болатын.

Осыған байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz7

Полиция мәліметінше, әншіге қатысты көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары шағым түсірген. Олардың айтуынша, ол агрессивті мінез көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Учаскелік инспектор оқиға орнына жедел жетті. Ақпарат расталды: ер адам өзін ұстай алмай, айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Әнші ұсталғаннан кейін дәрігерлер тексеру жүргізген. Медициналық қорытындыға сәйкес, оны 15 тәулікке наркологиялық мекемеге орналастыру қажет деп танылған.

Сонымен қатар, ол азаматтардың тыныштығын бұзғаны, тіркеусіз тұрғаны және қоғамдық орында адамдарға тиісіп мазалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері мұндай жағдайдың алғаш рет тіркеліп отырмағанын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар