жұма, 22 қараша, 2024 1:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рақымғали Құл-Мұхаммед қайырымдылық жасады

Рақымғали Құл-Мұхаммед қайырымдылық жасады
фото: ашық дереккөз
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Белгілі кәсіпкер, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед елімізде су тасқыны мен қардың суынан зардап шеккен өңірлердің халқына өз атынан қаржылай көмек берді.

"Құрметті достар!

Еліміздің біраз өңірін су басып, халқымыздың басына ауыртпалық түсіп, қатты қиындық көріп жатқаны мені де алаңдатып отыр.

Осы бір қиын күндерде өздеріңізбен бірге екенімді білдіріп, табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға демеушілік жасап, өз атымнан 10 млн теңге аударып, көмек көрсетуді жөн санадым.

Халқымызға Алла сабыр мен төзім, бірлік пен береке берсін! Қиындықтан тезірек шығуларыңызға тілектеспін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", – деді кәсіпкер.

Бұл көмекті кәсіпкер  өз атынан берген. Оның "Атамұраға" еш қатысы жоқ. 

"Мен шенеунік емеспін, кәсіпкермін. Елге жанашырлық көрсетіп, басқа да өзім сияқты кәсірпкерлерге үлгі болсын деп көмек бердім.

Қазір еліміздің бірнеше өңірін су алып кетті. Баспанасыз қалған, малы қырылып, мүлкі жоғалған халық көп. Сондықтан осындай ел басына күн туған сәтте көмек қолын созатын азаматтардың көп болғаны жөн деп санаймын!", –  деді кәсіпкер.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар