Қоғам
Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарауын талап етуде
- авторОймақ
- 11 сәуір, 2024
- 308
Сот процесіне үзіліс жарияланды
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты судья Айжан Көлбаеваға наразылық білдірді.
Сот барысында судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған.
Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдады. Сот процесіне үзіліс жарияланды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала