Ақпараттарға қарағанда Ханияның балалары мен немерелері отырған көлікке әуеден соққы жасалған. Отбасы мүшелерінің қаза тапқанын Исмаил Хания да растады. Ал өзі олардың мерт болғаны жайлы хабарды Катардың Доха қаласындағы газалықтарды емдеуге арналған госпиталде жүріп естіген.
Al Jazeera арнасына пікір білдірген Хания балалары мен ұрпағының мерт болғанынан орай: «Олардың шейіт болғанын мақтаныш етемін» депті. Әрі соғыс барысында әулетінің 60 мүшесі қаза тапқанын айтқан. Anadolu Agency ақпарат агенттігі соққыдан Ханияның Хазым, Әмір және Мұхаммед атты үш ұлы өлгенін жазды.
Жалпы 2023 жылдың 7 қазанында Хамастың Израилге шабуыл жасаған сәтінен бері Газа секторында 33 мыңнан астам палестиналық өлді. Израиль соққы жасауын жалғастырып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024