жұма, 6 ақпан, 2026 13:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлынан айрылып қалған әке жиналған қаржыны науқас балаларға бөліп берді

Ұлынан айрылып қалған әке  жиналған қаржыны науқас балаларға бөліп берді
фото: скрин
Емге жиналған қаражаттың ішінен 96 миллион теңге қалған.

Еміне ел болып қаржы жиналған қазақстандық бала Әлтайырдың отбасы пайдаланылмай қалған қаражатты өзге науқас балаларға бөліп берген. Отбасы қайғысынан кейін ес жиған  баланың әкесі Данияр бейнеүндеу жариялап, халықтың көрсеткен қолдауына алғыс айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның сөзінше, Әлтайырдың еміне жиналған қаражаттың жұмсалмай қалған бөлігі 96 миллион теңгені құраған. Аталған сома қазіргі таңда емге мұқтаж, қаржы жинап жатқан басқа балаларға үлестірілген.

«Ұлымыздан айырылғанымызға жеті күн өтті. Емге жиналған қаражаттың ішінен 96 миллион теңге қалды. Сол қаржыны көмекке зәру балаларға бөліп беруді жөн көрдік», – деді ол.

Даниярдың мәліметінше, қаражат мынадай тәртіппен таратылған:
– Аяна Нұртаеваға – 45 млн теңге;
– Алмаз Түсіпбекке – 25 млн теңге;
– қалған бөлігі Дарья есімді қызға берілген.

Сөз соңында ол отбасы атынан қолдау білдірген барша қазақстандықтарға ризашылығын жеткізіп, ауыр кезеңде көрсетілген қаржылай әрі моральдық демеудің зор маңызға ие болғанын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар