Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:19
- 17
Полицияның хабарлауынша, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із-түзсіз жоғалып кетіпті. Оның байланысқа шықпай жүргені жайлы әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, мәйітін орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ.
"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды", - деді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Тілеміс Кәрімов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






