бейсенбі, 5 ақпан, 2026 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Назарбаев, кет!" ұранының авторы Ермек Нарымбай қамауға алынды

"Назарбаев, кет!" ұранының авторы Ермек Нарымбай қамауға алынды
Фото: Ермек Нарымбайдың желідегі парақшасынан
"Назарбаев, кет!" ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбайға арандатушылық материалдар таратты деген айып тағылып отыр.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін сотталған Ермек Нарымбайды полиция қызметкерлері ұстаған. 

"Тергеу нұсқасына сәйкес, ол соттың заңды күшіне енген үкімін және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға салынған тыйымды біле тұра, әдейі әрі бірнеше рет заңсыз әрі арандатушылық сипаттағы материалдарды таратып, азаматтарды жаңылыстырған", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары әрекеттердің жүйелі және саналы түрде жасалғанын, сондай-ақ сот шешімін тікелей орындамағанын атап өтті.

Полиция департаментінің дерегінше, бұған дейін ол сот шешімін орындамағаны үшін бес рет әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар