жұма, 22 қараша, 2024 12:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматыда демалады

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматыда демалады
gov.kz
Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматы облысында демалады

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматы облысында демалады

Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары Алматы облысында орналасқан жыл бойына жұмыс істейтін лагерлерде демалады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 9 бен 15 жас аралығындағы 70 бала Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Тау жанашар» балалар белсенді сауықтыру лагерінде демалады. Оқушыларды орналастыру жұмыстары сәуір айының 10 мен 25 аралығында жүзеге асады.

«Сондай-ақ 10-шы сәуірден 10-шы мамырға дейін «Тау-Тұран» балалар лагерінде 100 бала демалады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балалардың сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар