сейсенбі, 3 ақпан, 2026 12:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер анықталды

Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер анықталды
Freepik
Қазақстанда биылғы көктемде бес өңірде су тасқыны қаупі жоғары болуы мүмкін.

Бұл туралы алдын ала болжамында Қазгидромет мәлімдеді. Синоптиктердің айтуынша, биыл бірқатар қауіпті факторлар байқалып отыр. Атап айтқанда, топырақтың терең қатуы, күз мезгіліндегі шамадан тыс ылғалдану және қар қорының көп болуы көктемгі тасқын қаупін күшейтеді.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер:

– Солтүстік Қазақстан облысы

– Шығыс Қазақстан облысы

– Абай облысы

– Ақмола облысы

– Қарағанды облысы

 

Орташа қауіп деңгейі бар өңірлер:

– Батыс Қазақстан облысы

– Ұлытау облысы

– Жетісу облысы

– Павлодар облысы

– Ақтөбе облысы

– Түркістан облысы

– Алматы облысы

– Қостанай облысы

 

Төмен қауіп деңгейі бар өңірлер:

– Атырау облысы

– Маңғыстау облысы

– Қызылорда облысы

– Жамбыл облысы

 

Мамандардың болжамынша, жазық аймақтарда су тасқынының шарықтау кезеңі наурыздың соңы мен сәуірдің соңына дейін созылады. Ал таулы өңірлерде тасқын толқындары наурыз айынан бастап жазға дейін жалғасуы мүмкін.

 

Ақпаратқа сәйкес, жағдай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бақылауында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар