сейсенбі, 3 ақпан, 2026 14:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Билл мен Хиллари Клинтон Эпштейн тізімі бойынша куәлік береді

Билл мен Хиллари Клинтон Эпштейн тізімі бойынша куәлік береді
Фото: AP
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Эпштейн ісі бойынша АҚШ Конгресі алдында куәлік беруге келісім білдірді.

 

Бұл туралы Билл Клинтонның баспасөз хатшысы Анхель Уренья хабарлады. Оның айтуынша, Өкілдер палатасының комитетімен арадағы келіспеушіліктерге қарамастан, Клинтондар тыңдауларға келіп, ант беріп жауап беруге дайын.

Анхель Уренья ерлі-зайыптылардың конгрессмендерге өздеріне белгілі барлық ақпаратты бұған дейін де жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар, олардың тыңдауға қатысуы алдағы уақытта осындай тергеулерде барлық фигуранттарға бірдей талап қолдануға негіз болатын «прецедент қалыптастыруды» көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін Билл Клинтон мен Хиллари Клинтон Джеффри Эпштейн ісі бойынша Конгрестегі жабық тыңдауларға келмеген. Осыдан кейін комитет төрағасы, республикашыл Джеймс Комер олардың келмегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар