жұма, 23 қаңтар, 2026 17:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесті

Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесті
UKRAINIAN PRESIDENTIAL PRESS SERVICE
Келіссөздер жабық есік жағдайында өтті.

Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесті. Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, келіссөздер жабық есік жағдайында өтіп, шамамен бір сағатқа созылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кездесуден кейін екі елдің басшылары қысқаша тет-а-тет форматта да тілдескен. Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин журналистерге кездесудің «жақсы өткенін» мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та келіссөзге оң баға беріп, оны «өте жақсы кездесу» деп атады. Сонымен қатар ол бұл әңгімедегі негізгі ұстанымы – соғыстың аяқталуы керектігі екенін жеткізді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Кейінірек Владимир Зеленский Давос форумында сөйлеген сөзінде Дональд Трамппен болған әңгіменің мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, тараптар қауіпсіздік кепілдіктері, соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру, әуе қорғаныс жүйелерін жеткізу мүмкіндігі және келіссөз топтарының жұмысы жөнінде пікір алмасқан.

Зеленский кездесуді «өнімді» деп бағалап, Киев пен Вашингтон талқылап жатқан құжаттар енді «одан да сапалы түрде әзірленетінін» атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар