Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында мектеп оқушысының сабақ барысында қайтыс болуына қатысты Қарасай ауданының білім бөлімі Qaz365.kz редакциясына ресми түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің 9 «Г» сынып оқушысы 2026 жылғы 21 қаңтар күні бірінші сабақ аяқталған соң, үзіліс кезінде өзін кенеттен жайсыз сезінген. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.
Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жеткен. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, оқушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бала сол жерде көз жұмған.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша барлық құзырлы органдар тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға болған сәтте мектепте білім бөлімінің қызметкерлері, психологиялық қолдау орталығының мамандары және аудан әкімінің орынбасары болған.
Сондай-ақ қайғылы сәтте оқушының нағашы апасы – осы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің мұғалімі де оқиға орнында болғаны хабарланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді
Ұқсас жаңалықтар
«Қазақстанға алып кетіңіздерші»: Ауғанстанға барған дәрігер көргенін айтып берді
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2026






