Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстары және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.
"Болжам бойынша, еліміздегі жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километр, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қор. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%. Біз халықты ауыз сумен қамту, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты сулары қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді", - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024