сенбі, 23 қараша, 2024 3:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әзірге сырттан гуманитарлық көмек керек емес – Смадияров

Әзірге сырттан гуманитарлық көмек керек емес – Смадияров
фото: ашық дереккөз
Көптеген бауырлас елден телеграмма келіп жатыр

Елдегі су тасқынына байланысты әзірге сырттан гуманитарлық көмек керек емес. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ведомство өкілінің айтуынша, бүгінде Қазақстанның бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты бауырлас Қырғыз мемлекеті өз бастамасымен көмек көрсеткен.

«Осыдан 2 күн бұрын Қырғыз Республикасы төтенше жағдай министрлігінің 15 жүк көлігі мен 1 жол талғамайтын көлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтті. Онда 300 тонна жүк бар. Мысалы, су, күріш, қарақұмық жармасы, кәмпит, шай, қант және матрас, жылытқыш, кереует, шатыр болды.

Көптеген бауырлас елден телеграмма келіп жатыр. Олар қолдайтынын айтып, ниет білдіруде», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ өкілі Үкімет су тасқынына қарсы бар күшін салып, күресіп жатқанын жеткізді.

«Елімізде оперативті штаб құрылды. Премьер-министрдің барлық орынбасары тиісті өңірлерге шықты. Олар өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Материалдық резервтің әлеуетін қолданып жатырмыз. "Қазақстан халқына" қоры мен халық та көмектесуде. Үкімет осы бағытта толыққанды жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Журналистердің бірі «Демек, әзірге Қазақстанға сырттан көмек керек емес қой?» деп сұрағын тағы нақтылады.

"Әзірге, бәріне өзіміз үлгеріп жатырмыз",  - деді Айбек Смадияров.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар