Бұл тақырып бойынша кеңес 19 қаңтарда болды, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасап Қазақпарат.
Атап айтқанда, британиялық үкімет өкілдері 2025 жылғы желтоқсан айында 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым енгізген Аустралияға баруды жоспарлап отыр. Бұл қадам балаларды онлайн кеңістіктегі грумингтен және буллингтен қорғау мақсатында қабылданған.
Аустралия әлемде алғаш болып осындай қатаң әрі жаппай тыйым енгізген ел атанды. Алайда бұл шешімге бірқатар интернет-ресурстар, сондай-ақ бірнеше жасөспірім сот арқылы қарсы шыққан.
Ұлыбритания билігі нақты қандай жас шегін қарастырып отырғаны әзірге хабарланған жоқ.
Reuters агенттігінің мәліметінше, британдық консультациялар күн тәртібінде әлеуметтік желілерді пайдалануға қойылатын шектеулерден бөлек, мектептерде ұялы телефондарды қолдануға қатысты анағұрлым қатаң ережелер енгізудің тиімділігі де талқылануып жатыр.
Еске сала кетсек, былтыр Аустралия жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына алғашқы болып тыйым салды.
Ал жуырда, 15 қаңтар күні Аустралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі 5 млн аккаунты өшірілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





