Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты деп хабарлады Қазақпарат.
Жүйе адамның «тірі» екенін анықтау үшін «басыңды бұр», «көзіңді жыпылықтат» деген сияқты бірнеше тапсырма береді. Егер тексеріс үш реттен өтпесе, кредит берілмейді. Тексеру кезінде алынған бейне мемлекеттік дерекқордағы немесе арнайы базаға енгізілген суретпен салыстырылады.
Осылайша бөтен адамның фотосын немесе видеосын пайдалану мүмкіндігі шектелмек.
Биометриялық тексерістің нәтижесі электронды түрде тіркеліп, банк немесе микроқаржы ұйымында сақталады.
Барлық мәлімет қауіпсіз жүйе арқылы өңделеді. Жаңа ережелер 10 күннің ішінде күшіне енеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






