2030 жылға қарай Қазақстанда суды қайта пайдалану көлемі 2 есе артады
- авторОймақ
- Бүгін, 12:02
- 19
Қазір өндіріс пен шаруашылықта қолданылған судың тек 13%-ы ғана қайталанып пайдаланылады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz. Үкімет осы көрсеткішті 28%-ға дейін көтермек. Яғни, суды қайта пайдалану көлемі екі еседен аса артады деген сөз.
Бұл өзгерістердің нәтижесінде шамамен 1,5 миллиард текше метр су үнемделеді. Бұл — өте үлкен көлем, тұтас өңірлерді бірнеше жыл сумен қамтамасыз ете алатын мөлшер.
Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында өнеркәсіпте суды босқа шашпай пайдалану жолдары туралы айтты. Оның сөзінше, жаңа Су кодексі қабылданып, онда кәсіпорындарға нақты талаптар қойылған:
🔹 өндірістер суды қайта тазалап, қайталайтын жүйелерге көшуі керек;
🔹 бұл бірден емес, кезең-кезеңмен жүзеге асады;
🔹 2 жыл — өтпелі кезең,
🔹 5 жыл — жоспарларды толық орындау уақыты.
Яғни, кәсіпорындарға дайындалуға уақыт беріледі, бірақ талаптар нақты.
Министрдің айтуынша, осы шаралар суды үнемдеуге көп көмектеседі және 2030 жылға қарай байқауға болатын нақты нәтиже береді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




