Шымкент қаласында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы қала полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті 11 қаңтар күні кешкі уақытта жас қызға пышақ жарақатын салған болуы мүмкін. Іздестіру нәтижесінде 28 жастағы қала тұрғыны Шымкенттен шамамен 10 шақырым жердегі ашық аумақта қолға түсті. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіні ұстау үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылып, қалаға кіретін және шығатын бағыттарда бақылау күшейтілген. Тергеу барысында оның марқұммен бұрын таныс болғаны белгілі болды.
Еске салайық, 12 қаңтар күні Төлеметов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласынан пышақ жарақаттары бар 21 жастағы қыздың денесі табылған. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жалғасуда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





