сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 13:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану тоқтады

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану тоқтады
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Отбасы банк ресми сайтында жарияланды.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Отбасы банк ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Банк мәліметінше, 2026 жылғы 12 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен емделуге арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

Хабарламада көрсетілгендей, Отбасы банк Денсаулық сақтау министрлігі және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы жинағы есебінен медициналық қызметтер алу талаптарын қайта қарайды. Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді біріктіру тетіктері пысықталып, зейнетақы қаражатының мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу көзделіп отыр.

Емделуге арналған өтінімдерді қабылдау талаптарды түзету жұмыстары толық аяқталғаннан кейін қайта жандандырылады. Бұл туралы қосымша ақпарат берілетіні атап өтілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар