дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 13:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Шығын 1,9 млрд теңге»: шекара арқылы елге заңсыз тауар кіргізгендер қамалды

«Шығын 1,9 млрд теңге»: шекара арқылы елге заңсыз тауар кіргізгендер қамалды
Фото: freepik.com
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлады Oimaqnews.kz Elordainfo.kz порталына сілтеме жасап.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

«Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар