жексенбі, 11 қаңтар, 2026 18:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлемде мұнай өндірісі баяулайды – сарапшы

Әлемде мұнай өндірісі баяулайды – сарапшы
Фото: freepik
Қытайда 2030 жылдардан кейін мұнайға сұраныс төмендей бастайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ақпарат порталы OilCapital сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың CNPC мемлекеттік мұнай корпорациясы дайындаған баяндаманың деректері бойынша, алдағы жылдары елде мұнай тұтыну көлемі біртіндеп азая бастайды. Бұл туралы хабарлады.

Болжамға сәйкес, КХР-де мұнайға сұраныстың төмендеуі көліктің электрленуі және тұтыну динамикасының шекті деңгейге жетуімен байланысты.

"Әлемде жанармай ретінде мұнай тұтыну жалпы алғанда баяулап келеді, және 30-шы жылдардан кейін біз үшін күрделі кезең басталады — әлемдік сұраныстың төмендеуі/бәсендеуі аясында Қазақстанда мұнай өндіру де азаяды. Біз аз өндіре бастаймыз, әрі мұнай бұрынғыдай жоғары бағаланбайтын болады", – дейді мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділдинов.

2024 жылы Қытайда мұнай тұтыну көлемі 770 млн тоннаны құраған. Бұл Қазақстанның жылдық өндіру көлемінен шамамен сегіз есе көп. Ал 2025 жылы алдын ала есеп бойынша тұтыну 760 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

2030 жылға дейінгі бесжылдық кезеңде жалпы тұтыну шамамен осы деңгейде сақталатыны айтылған. Дегенмен мұнайхимия саласына арналған шикізат пен авиаотынға сұраныс өседі, ал бензин, дизель сияқты жанармай түрлеріне сұраныс керісінше төмендейді.

Қытай қазіргі таңда мұнай өндіретін әлемнің алдыңғы бес мемлекетінің қатарына кіреді. Елде жыл сайын шамамен 215 млн тонна мұнай өндіріледі. CNPC болжамынша, өндіріс жыл сайын 1–2% өсім көрсетпек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар