жексенбі, 11 қаңтар, 2026 3:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін ҰБТ басталды

Бүгін ҰБТ басталды
Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.

Бүгін, яғни 10 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kzсайты.

Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш білдірген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Тестіленушілердің 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, ал 189 адам ағылшын тілінде тапсырады.

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің хабарлауынша, талапкерлер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдаған. Ең жиі таңдалған пән комбинациясы – "Математика-Физика" (19,2%), одан кейін "Биология-Химия" (16,9%) және "Шығармашылық емтихан" (9,7%).

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер үш міндетті пән және екі бейіндік пән бойынша барлығы 120 тапсырма орындайды. Ең жоғары балл – 140 ұпай, тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.

ҰБТ барысында калькулятор, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Апелляцияға өтініш тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріліп, шешімі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

Қаңтардағы ҰБТ-ға түрлі санаттағы азаматтар, соның ішінде шартты түрде оқуға қабылданғандар, шығармашылық мамандықтан ауысушылар, өткен жылғы мектеп түлектері мен шетелде білім алған ҚР азаматтары қатыса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар