Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ басқарма төрағасының операциялар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл ақпаратты қордың баспасөз қызметі растады. Ондағы мәліметке сәйкес, ол жаңа қызметіне 2025 жылғы 29 желтоқсанда кіріскен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында оның Түркістан облысында салынып жатқан бу-газ электр станциясының құрылысына жасаған жұмыс сапарынан бейнежазбалар мен фотосуреттер жарияланды. «Түркістан БГҚ» сайтында ол туралы материал жарияланды. Алайда бұл материал шыққан сәтте «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында жаңа ауыс-түйіс туралы ақпарат әлі жаңартылмаған болатын.
Бұған дейін Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың күзінде мемлекеттік қызметтен кеткен. Ол бірқатар резонансты даулар арқылы қоғам назарына іліккен. Атап айтқанда, 2019 жылы Лондоннан тараған бейнежазба мен Арыс қаласындағы наразылық кезінде айтқан мәлімдемелерінен кейін қызметінен босатылған еді.
2023 жылы оның аты аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша аталды. Кәсіпкер Сайдулла Қожабаев мүлікті заңсыз иемдену туралы мәлімдеп, іс материалдарында бірнеше танымал тұлғамен қатар Ғабидолла Әбдірахимовтың да есімі көрсетілген. Аталған материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолданған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
«Ұлттық қор – балаларға»: 31,61 млн-нан астам АҚШ доллары аударылады
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026





