сенбі, 10 қаңтар, 2026 0:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет
Freepik
Қазгидромет синоптиктері 9 қаңтарда Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар салдарынан ластаушы заттар ауада жиналып, зиянды бөлшектердің концентрациясы артуы мүмкін.

Ауа сапасының нашарлауы әсіресе Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Ақтөбе және Алматы қалаларында байқалады. Түнгі уақытта Астанада да жағдай нашарлауы ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ болмауға, әсіресе көлік қозғалысы жоғары көшелер маңында жүрмеуге кеңес береді. Тыныс алу жүйесі мен жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарға сақ болу ұсынылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар