сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 22:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Апамның" да, "Қайраттың" да шәйін ішпеңіз

"Апамның" да, "Қайраттың" да шәйін ішпеңіз
Фото: iStock
Оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды,  – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

- «Апамның шәйі Premium gold»,  Al-Hayat  Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі  Orda Trade Astana  ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;

-  Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі Real Trade Astana  ЖШҚ (Астана қ.)

- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);

-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:

- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

-  Al-Jannat Premium, өндіруші  Ferdaus  ЖҚ (Алматы қ.);

- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар