Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сілтеме жасап.
Келу бағытында жеті рейс кешіктірілген, Түркістаннан келетін бір рейс тоқтатылған. Келу рейстерінің кешіктірілуі мен тоқтатылу себептерін ұшып шығу әуежайлары мен әуе компаниялары анықтайды.
Ұшып шығу бағытында бес рейс кешіктірілді. Шымкент пен Қостанай бағыттарындағы рейстердің кешігуіне бару әуежайларындағы қолайсыз метеожағдайлар себеп болған. Ал Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер әуе кемесінің кеш келуіне байланысты кейінге шегерілген.
Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу жоқ. Әуежай мен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға рейстердің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларынан нақтылап отыру ұсынылады, – деп мәлімдеді елорданың әуе айлағында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






