Өткен жылы жеке куәлікті онлайн қайта рәсімдеу қызметі іске қосылған. Енді осы тәжірибені паспорттарға да енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл мәселе Ішкі істер министрлігімен бірлесіп пысықталуда.
– Біз кезең-кезеңімен әрекет етіп отырмыз. Қазір әңгіме бастапқы емес, қайта рәсімдеу туралы болып отыр. Өйткені құжатты алғаш рет беру – өте маңызды процесс. Бұл жағдайда азаматтың нақты өзі екеніне көз жеткізу қажет: суретке түсіру, қолтаңба алу секілді талаптар бар, – деді Ростислав Коняшкин.
Қызметтің нақты іске қосылатын күні аталмағанымен, министрлік өкілі паспортты онлайн қайта рәсімдеу 2026 жылдың ішінде қолжетімді болатынын айтты. Оның сөзінше, басты мақсат – қызметтің азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ вице-министр қазақстандықтар жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеуге бұрыннан мүмкіндік алғанын еске салды. Болашақта бұл қызмет те толықтай цифрлық форматқа көшіріледі. Дегенмен, халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) жеке барып қызмет алғысы келетін азаматтар үшін офлайн формат сақталады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






