Ең үлкен серпіліс 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлына тиесілі. Алматыда туған, қазір Түркістан облысының атынан өнер көрсетіп жүрген спортшы ITF юниорлар рейтингінде бірден 12 сатыға көтеріліп, 12-орынға жайғасты. Мұндай нәтиже оның соңғы халықаралық турнирлердегі сәтті ойындарына, сондай-ақ бірқатар жас теннисшілердің ересектер турына ауысуына байланысты қалыптасты.
Қазақстанның юниорлар құрамасындағы өзге де көшбасшылар рейтингте жоғарылады. Дамир Жалғасбай 31-орынға көтерілсе, Даниель Тазабеков 52-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, аталған үш қазақстандық теннисші алдағы уақытта юниорлар арасындағы Australian Open турнирінің негізгі сеткасында өнер көрсетеді. Ал Заңғар Нұрланұлы Мельбурнға US Open–2025 турнирінің жартылай финалисі мәртебесімен аттанбақ.
Бұл жетістіктер қазақстандық теннистің халықаралық аренадағы әлеуеті артып келе жатқанын айқын көрсетеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






