Орталық коммуникациялар алаңында Қазгидромет өкілі су тасқынына байланысты мәліметтерді жариялады.
«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смагұлова Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын атап өтеді.
– Қазақстанның солтүстік батысында, солтүстікте, орталықта күндіз жауын-шашын, түнде жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжануда. Тек оңтүстікте, оңтүстік батыста жауын-шашынсыз. Сонымен бірге Ақмола және Ақтөбе облысында дауылдан ескерту беріледі. Ақтөбе облысында 7-10 сәуір аралығында су деңгейі көтеріледі деген болжам бар, – дейді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.