"Былтыр бес рет ауырдым": әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 12:15
- 29
Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі өткен жылды қорытындылап, жазба жариялаған. Ол былтыр шығармашылығында біраз жақсы жаңалықтар болғанын атап өткен. Сонымен қатар денсаулығына байланысты мәселе болғанын жасырмады.
«Армысыздар?! Жұмадағы тілектеріңіз қабыл болсын! Өткен жылды тек алғыс сезімімен аяқтадық, шүкір! Биыл да концерттерге ұсыныс түсіп жатыр. Алла денсаулық, мүмкіндік берсе бәрі де бола жатар. Былтыр бес рет ауырдым. Өкпенің қадірін дәл осылай түсінбеген шығармын?! Метапневмония, бронхит, ларингит болып жүргенде бір жағы вокал жақсы көмектесті деп ойлаймын. Әйтпесе күркілдеп жүріп бөпе шомылдырып, жаңа босанған анаға қарау оңай емес. Үйдің шаруасын жасап жүріп алда той жасайтынымыз, кеш беретінім үлкен мотивация болды», - дейді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





