сәрсенбі, 31 желтоқсан, 2025 11:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев ЛГБТ насихатын шектейтін заңға қол қойды

Тоқаев ЛГБТ насихатын шектейтін заңға қол қойды
Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы архив ісі мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда педофилияны, сондай-ақ дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруға шектеу енгізіледі.

Сенатта заңның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені айтылды. Нормалар балаларды зиянды контенттен сақтауға және құқыққа қайшы ақпараттың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар