Жаңа шешімге сәйкес, тұрғын үйдің әрбір 15 шаршы метр пайдалы алаңына бір адамнан артық тіркеуге рұқсат етілмейді.
Қабылданған талаптар тек алдағы тіркеулерге ғана қолданылады. Яғни, қазірдің өзінде Астанада тіркеуде тұрған азаматтар бұл норманың аясынан тыс қалады. Бұл жөнінде Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан Жүсіпов мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.
Сонымен қатар, белгіленген шектеулер отбасы мүшелері мен жақын туыстарға қатысты қолданылмайтыны нақтыланды. Яғни, бір пәтерде бірге тұратын отбасы мүшелерін тіркеуге бұл талап кедергі келтірмейді.
Мәслихат өкілдерінің айтуынша, аталған норматив бір пәтерге ондаған, тіпті жүздеген адамның тіркелуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайлар елордада көші-қон есебін жүргізуде және әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемені жоспарлауда қиындық тудырып келген.
Астана аумағында тіркеу нормасын бекіту мәселесі Астана қаласының мәслихаты депутаттарының қарауына ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Жаңа талаптар қаладағы тіркеу тәртібін жүйелеуге және тұрғын үй қорының нақты жүктемесін айқындауға бағытталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті
- авторОймақ
- 25 желтоқсан, 2025





