Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеуінше, жаңа сервис ҚҚС бойынша 300.00 нысанды декларацияға қатысты. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады. Атап айтқанда, электронды шот-фактуралар, салық төлеушілердің жеке шоттары және тауарларға арналған декларациялар пайдаланылады. Осы мәліметтер арқылы жүйе декларацияның 13 жолын алдын ала толтырып береді. Қажет болған жағдайда салық төлеуші көрсетілген сомаларды қолмен түзете алады – арттыруға да, азайтуға да мүмкіндік бар.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, сервис салық төлеушілерді алдын ала ақпараттандыру және ҚҚС бойынша есептілікті дұрыс тапсыруға көмек көрсету мақсатында әзірленген. Бұл тәсіл қателіктер санын азайтуға, камеральдық бақылау хабарламаларын алу қаупін төмендетуге және айыппұл салу сияқты жағымсыз салдардың алдын алуға бағытталған.
Пилоттық жоба ҚҚС бойынша 2025 жылдың IV тоқсанына арналған есептілікті тапсыру кезінде сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесіне қарай сервисті кеңінен енгізу мәселесі қаралады.
Бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов алдын ала толтырылған декларацияларға көшу бизнес өкілдерінің бастамасы емес екенін айтқан еді. Оның сөзінше, бұл – салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға байланысты қалыптасқан әлемдік үрдіс.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Астанада пәтерге тіркеу тәртібі өзгерді
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте заңсыз онлайн-бизнесін ұйымдастырған топ әшкере болды
- авторОймақ
- 22 желтоқсан, 2025






