сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 11:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Енді ҰБТ болмауы мүмкін

Енді ҰБТ болмауы мүмкін
informburo.kz
Оның орнына халықаралық үлгідегі жаңа тест енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесінде ірі өзгерістер күтіліп отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі қазіргі ҰБТ-ның орнына халықаралық үлгідегі жаңа тест енгізуді жоспарлап жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, жаңа тест SAT форматына ұқсас болады және оны шетелдік жетекші университеттер мойындайды. Қазір Қазақстан ҰБТ нәтижесін әлемнің ешбір университеті қабылдамайды, сондықтан шетелде оқығысы келетін талапкерлер үшін жаңа жүйе қажет.

Реформа бірден енгізілмейді

Саясат Нұрбек ата-аналар мен оқушыларды алаңдамауға шақырды. Жаңа тестті әзірлеу және толық көшу процесі кемінде екі жылға созылады. Сондықтан реформа алдағы уақытта мектеп бітіретін түлектерге әсер етпейді. Өзгерістер ең ерте дегенде қазіргі төменгі сынып оқушыларына қатысты болуы мүмкін.

Министрлік осы мақсатта «бесжылдық реформа жоспарын» дайындап жатыр.

Халықаралық деңгейге шығу үшін дайындық басталды

Жаңа тестті қазақстандық мамандар әзірлейді. Ол үшін жергілікті тестологтар АҚШ-тағы белгілі ETS компаниясында оқытылып, сертификат алады. Бірінші қазақстандық маман қазірдің өзінде Принстондағы кампуста дайындықтан өтіп жатыр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, жаңа тест халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, оны тапсырған оқушылар кез келген шетелдік университетке құжат тапсыра алады.

ҰБТ әзірге сақталады

Реформа толық жүзеге асқанға дейін ҰБТ қолданыста қала береді. Министр «ҰБТ біртіндеп өзектігін жоғалтқанша» қатар жүреді деп түсіндірді.

Жаңа тест форматы, мазмұны және қабылдау ережелері жөніндегі толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар