сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 11:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Анарбековтің жұлдызы жанды

Анарбековтің жұлдызы жанды
"Қайрат" футбол клубы
"Қайрат" пен "Олимпиакос" ойынынында Темірлан Анарбеков тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Астанада өткен Чемпиондар лигасындағы матчта «Қайраттың» қақпасын қорғаған Темірлан Анарбеков тамаша ойын көрсетіп, кездесудің үздік футболшысы деп танылды. Ол «Олимпиакосқа» қарсы матчта сегіз соққыны қайтарып, команданы ірі есептен аман алып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Sports.kz дерегіне сүйенсек, осы ойыннан кейін Анарбеков турнир қақпашыларының рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Қазіргі кезде оның еншісінде 26 сейв бар. Одан жоғары тек:

Никита Хайкин («Будё-Глимт») – 31 сейв,

Херонимо Рульи («Марсель») – 29 сейв.

УЕФА да қазақстандық голкипердің өнерін жоғары бағалады. Ұйымның хабарлауынша, Анарбеков жасаған бірнеше сейв айып алаңынан бағытталған қауіпті соққылардан кейін тіркелген, ал егер сол сәттерде қақпа бос қалса, «Олимпиакос» есепті әлдеқайда ірі етіп ұлғайтуы мүмкін еді.

9 желтоқсандағы ойында гректің «Олимпиакосы» биылғы маусымдағы Лига чемпиондарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, ал «Қайрат» жалпы кезеңде бесінші мәрте жеңіліп қалды. Соған қарамастан, Темірлан Анарбековтің ойыны жанкүйерлер мен мамандар арасында жоғары бағаланды.

Қақпашы турнирдің жалпы кезеңінде төрт матчта алаңға шықты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар