дүйсенбі, 24 қараша, 2025 22:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Коллаж Qaz365.kz
Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтқан еді. Алматы полиция департаменті әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

«2024 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді ПД. 

Айта кетейік, «Нұр-Мұқасан» тобының экс солисі Мұқасан Шахзадаев топқа жаңадан қосылған Ғалымжан соққыға жығылғанын хабарлаған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар